Үкімет цифрлық теңгемен төленетін бюджет шығыстарының тізімін бекітті
Фото: Zakon.kz
ҚР Үкіметі 2026 жылғы 23 қазанда цифрлық теңге түрінде жүзеге асырылатын бюджет шығыстарының тізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Цифрлық теңгемен төленетін бюджет шығыстарының тізбесіне мыналар енгізілді:
- Азық-түлік өнімдерін сатып алу;
- Дәрілік заттар мен өзге де медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;
- Киім-кешек мүлкін, сондай-ақ басқа да нысанды және арнайы киімдерді сатып алу, тігу және жөндеу;
- Отын мен жанар-жағармай материалдарын сатып алу;
- Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу;
- Жер учаскелерін сатып алу;
- Үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, өткізу құрылғыларын сатып алу;
- Көлік құралдарын сатып алу;
- Машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, өндірістік және шаруашылық мүкәммалын сатып алу;
- Материалдық емес активтерді сатып алу;
- Биологиялық активтерді сатып алу;
- Өзге де негізгі құралдарды сатып алу;
- Үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, өткізу құрылғыларын күрделі жөндеу;
- Автомобиль жолдарын күрделі жөндеу;
- Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеу;
- Өзге де негізгі құралдарды күрделі жөндеу;
- Дамуға бағытталған күрделі шығындар;
- Жаңа нысандар салу және қолданыстағы нысандарды реконструкциялау;
- Жол салу;
- Кемелерді салу және жеткізу;
- Цифрлық жүйелерді құру, енгізу және дамыту;
- Мемлекеттік кәсіпорындардың жаңа нысандарын салу және қолданыстағы нысандарын реконструкциялау;
- Арнайы мемлекеттік қордың қаражатын жұмсау;
- Инфрақұрылымды дамыту қорының қаражатын жұмсау.
Қаулы 2026 жылғы 30 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript