Депутат интернеттегі көріпкелдерге қатысты заңға қандай өзгерістер енгізілгелі жатқанын айтты

Көріпкел, құмалақшы, депутат, интернет, заң, өзгеріс, Александр Данилов, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 18:57 Сурет: pexels
Депутат Александр Данилов 2026 жылғы 18 қарашада Құрылтайда өткен брифинг барысында интернеттегі көріпкелдік пен оккульттік қызметтерге қатысты ұсынылған талаптарға тоқталды. Мұндай контентті ғылыми дәлелі жоқтығы туралы ескертусіз жүргізбеу ұсынылып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамаға ұсынылып отырған өзгерістер мен түзетулердегі "адал" оккультизм ұғымы нені білдіретінін, бұл қызметтің критерийге сай екенін кім анықтайтынын және елімізде көріпкелдерді есепке қою қарастырылған-қарастырылмағанын сұрады.


"Бұл - эзотерика тақырыбындағы адалдық. "Оккульттік қызметтер" ұғымы ресми түрде енгізіледі. Көріпкелділік пен тылсым тәжірибелерге қатысты кез келген контент немесе жарнаманы беруге бұл тек ғылыми дәлелі жоқ жеңіл-желпі дүние екені туралы айқын белгіні көрсету арқылы рұқсат беріледі. Біз, заңды әзірлеушілер, осындай кез келген контент міндетті түрде белгіленуі тиіс деген өте нақты норманы ұсындық. Мен мұны дұрыс әрі орынды норма деп санаймын. Өйткені біз цифрлы ортадағы қауіпсіздік туралы сөз етіп отырмыз. Мұның қалай жасалатынын, Instagram парақшалары арқылы ақшаны қалай тартып жатқанын бәріміз көріп, біліп отырмыз. Біздің ұстанымымыз – оккульттік қызметтерді ұсынатын барлық парақша адамдар мұның ғылыми дәлелі жоқ екенін нақты түсінуі үшін арнайы белгімен белгіленуі тиіс", – деп жауап берді Александр Данилов.

Бұған дейін депутаттардың бірі Құрылтайда E-otinish арқылы азаматтарға берілген жауаптарды тексеруді сұраған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: