Ақтөбеліктер иесіз жайылып жүрген жылқыны сойып, базарға шығармақ болған

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2017 15:38 Zakon.kz
Етті «минивен» көлігіне тиеп, Қандыағашқа әкеліп сатпақ болған.
Тәртіп сақшылары тоқтатқан көліктен қан іздері байқалған. Тексере келе, жүксалғышқа жылқының еті салынғаны белгілі болады, деп жазады aktobenews.kz.

«Кейін анықталғандай, күдіктілер иесіз, жайылымда жүрген жылқыларды қораға айдап әкеліп, бөлшектеп алған екен. Етті «минивен» көлігіне тиеп, Қандыағашқа әкеліп сатпақ болған», — дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК 188-бабы («ұрлық») бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.

Фото: aktobenews.kz
zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: