Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде 160 кг марихуана сатпақ болған қазақстандық сотталды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2017 15:59 inform.kz
158 килограмнан астам каннабис (марихуана) есірткі затын алып, Ресейде сатпақ болған.
РФ Челябі облысында 160 кг марихуана сатпақ болған қазақстандыққа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Челябі облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

«Челябі облысының Бредин аудандық соты Қазақстан Республикасының азаматы Гамид Ахмедовке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол РФ ҚК 229.1-бабының 4-бөлігінің «б» тармағында (адамдар тобының алдын ала сөз байласу негізінде іске асырған ерекше көп мөлшердегі есірткі заттардың контрабандасы), РФ 228.1-бабының 5-бөлігінде (адамдар тобының алдын ала сөз байласу негізінде іске асырған ерекше көп мөлшердегі есірткі заттарды заңсыз өткізуге қастық етуі) және 30-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасады деп танылды. Сот Ахмедовке 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді, ол жазаны қатаң режимдегі колонияда өтейді», - делінген хабарламада.

Ахмедов Қазақстан Республикасының Қостанай облысында 158 килограмнан астам каннабис (марихуана) есірткі затын алып, Ресейде сатпақ болған.

2017 жылдың мамырында 15 қапқа салынған есірткіні Ресей шекарасынан алып өтпек болған жүк көлігі ұсталады. Жүргізушісі қаптардың ішінде не барынан хабары болмай шығады. Ал «ерекше жүкті» қарсы алу үшін Ахмедов Челябі облысының Бредин ауданына барады. Сол жерде ол сөз байласқан сыбайласымен бірге ұсталады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қылмысқа қатысы бар деген екінші күдіктіге қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

Фото: www.inform.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: