Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында қылмыстық топ жайылып жүрген 20 жылқыны ұрламақ болған

today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 21:15 today.kz
Түркістан облысы Арыс ауданында да мал ұрлаушылардың жолы кесілді.

Түркістан облысында арнайы операция барысында мал ұрламақ болған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

"Ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі еркін жайылып жүрген 20 бас жылқыны ұрламақ болған жерлерінен ұсталды. Топтың қылмыстық әрекетінің сызбасы ашылды, әр қатысушының рөлі анықталды, араларында болған келісім расталды, сондай-ақ қылмыстың барлық кезеңі құжатқа түсті. Түркістан облысы аумағында олар малды 26 рет ұрлаған. ҚР ҚК екі бабы "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басшылық ету" мен "Аса ірі көлемде жасалға ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – деді ол.

Түркістан облысы Арыс ауданында да мал ұрлаушылардың жолы кесілді.

Бұдан бөлек, Таразда Шымкент ІІД криминалды полиция қызметкерлері АЗС-ке шабуыл жасап, 500 мың теңгені қолды қылған үш күдіктіні ұстады.

Қостанайда жергілікті тұрғын қарт кісінің үйіне пнвматикалық қарумен кіріп, тонағаны үшін құрықталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: