Жаңалықтар тізбегі
0

Түркия Қазақстанның латынға көшу туралы шешіміне қолдау білдірді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2017 20:07 Zakon.kz
Ахмет Айдын Қазақстанның латынға көшу туралы бастамасына сәттілік тіледі.
Түркия Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша дамытуға мүдделі. Тұңғыш Президент күніне арналған "Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі" халықаралық парламенттік конференциясында Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Ахмет Айдын Қазақстанның латынға көшу туралы бастамасының сәтті іске асырылуына тілектестік білдірді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біздің елдеріміздің арасындағы тамыры терең қарым-қатынас өзара түсіністік негізінде дамып, стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне көтерілді. Маңызды мәселелер бойынша тұрақты түрдегі диалог, екі ел президенттерінің тығыз және достық қарым-қатынасы және жоғары деңгейдегі өзара іс-сапарлар барлық сала бойынша байланыстың дамуына ықпал етті. Қазақстанға биылғы жылы қыркүйекте жасаған ресми сапары барысында Түркия президенті Ердоған айтқандай, біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша дамытуға мүдделіміз", — деді Ахмет Айдын.

Оның айтуынша, президент Назарбаевтың келесі жылы көктемдегі Түркияға жоспарланған сапары біздің қарым-қатынасымызды одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз.

"Фетхуллах Гюленнің террористік ұйымының 15 маусымда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған әрекетінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев бірінші болып біздің елімізге келді. Осылайша ол біздің еліміз бен халқымызға қолдау көрсетті", — деп атап өтті ол.

Түркия парламентінің өкілі өз елінің Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді.

"Латынға көшу жөніндегі шешімнің сәтті жүзеге асырылуына тілектеспіз. Бұдан бөлек, Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізуімен құттықтаймыз. Біздің еліміз көрмеге белсенді қатысты, біз үшін бұл зор құрмет болды", — деген Ахмет Айдын "түрік әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан еңбегін" атап өтіп, қазақстандықтарды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Фото: sputniknews.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: