Жаңалықтар тізбегі
0

Енді ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге тұруға болады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2017 20:57 Хабар 24
ІІМ ақпараттық жүйесін кіріктіру негізінде «Электронды үй кітапшасы» әзірленді.
ҚР ІІМ орынбасары Ерлан Тұрғымбаев ІІМ халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдап отырғанын атап өтті. Бүгінде министрлік мемлекеттік қызметтің 39 түрін көрсетеді. Ведомство қызметкерлері 286 халыққа қызмет көрсету орталығында және 14 арнайы халықққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді, - деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 10 айы ішінде азаматтарға 19 миллион 742 мыңнан астам қызмет көрсетілді, оның басым көпшілігі – мекенжай анықтамаларын беру, автокөліктерді тіркеу, халықты құжаттандыру және азаматтарды тұрғылықты және уақытша тұру орындарына тіркеу және тағы басқа.

Ақпарат және коммуникациялар, әділет, ішкі істер министрліктерінің ақпараттық жүйесін кіріктіру негізінде «Электронды үй кітапшасы» әзірленді. Ол әрбір елді мекен бойынша халықтың көшіп-қонуына мониторинг жүргізуді жақсартады, үйдің иесіне оның меншігінде тіркеуге тұрған адамдар туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету және процестерді жылдамдату үшін ІІМ оларды электронды үкімет порталы арқылы автоматтандыруды белсенді енгізуде.

Сонымен қатар, 2017 жылдың басында ХҚКО-ға бармай-ақ, онлайн режимде «электронды үкімет» порталы арқылы уақытша тіркеу жүргізу мүмкіндігі туды.

Осы жылдың 1 қарашасынан бастап уақытша және тұрақты тіркеу кезінде тұрғын үйге меншік құқығы туралы 2-нысанды анықтаманы талап ету жойылды (тек 25 күн ішінде 138 мың адам тіркеуге тұрды, оның ішінде 115 мың адам – тұрақты тіркеуге және 23 мың адам уақытша тұратын орны бойынша тіркелді).

«Қазіргі уақытта ХҚКО-ға бармай-ақ электронды үкімет порталы арқылы тұрақты тіркеуге тұру және азаматтарды тіркеуден шығару механизмі пысықталды. Оны 2018 жылы іске қосу жоспарланып отыр», — деді Е.Тұрғымбаев.

Былтырғы 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың басынан бастап тұрғылықты жер мен уақытша тұратын жерлерден екі есе көп (2,9 млн) тұрғын тіркеуге тұрған.

Фото: Хабар 24
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: