Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда «Әйел тұлғасын дамыту» атты семинар-тренинг өтті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2017 20:10 Сурет: zakon.kz
Жиын барысында отбасылық құндылықтар турасында айтылды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттеріне «Кайдзен» академиясының президенті Құралай Қалиева «Әйел тұлғасын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Бұл туралы Zakon.kz оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жастар үшін тағылымы мол һәм берері көп жиында сарапшы отбасылық құндылықтар мен қарым-қатынас, бала тәрбиесі, тұлғалық даму туралы кеңінен әңгіме қозғап, жұбайлық өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білуге үндеді. Сонымен қатар, қазақ қыздарының тәрбиесі мен бүгінгі заманның кері ықпалдары жайында да пайымды пікір білдірді.

– «Әйел тұлғасын дамыту» семинары ең алдымен нәзікжандылардың өмірге деген сенімділігін қалыптастырады. Сенімділік болмаған жерде адамның өмірі толыққанды өтпейді. Өз-өзіне сенбейтін, қоршаған ортадан қорқатын, өмірімізде болып жатқан проблемаларға үреймен қарайтын, алдына мақсат қоя алмайтын, өмірде бақытты болуға лайық екеніне сенбейтін әйелдер, әрине бақытты бола алмайды. Бұл семинар жоғарыда атап өткен мәселелердің шешімін толыққанды шешуге септеседі, – деді Қ. Қалиева.

Оның айтуынша, бақытты әйел өмір сүретін отбасы бақытсыз болуы мүмкін емес. Ол үшін бақыттың кілтін өзгеден емес, өз бойыңнан іздеген абзал. Екіжақты түсіністік болған жағдайда ғана отбасының керегесі мықты болмақ.

Сондай-ақ, жиын барысында отбасылық құндылықтар турасында да кеңінен әңгіме қозғалып, ажырасудың алдын-алу қажеттігі айтылды.

– Қазақ әйелдеріне ең бірінші ошағын сақтап, бақытты ету үшін 50-де 50 саясатын ұмытқаны жөн. Әйел адам еркекпен тең құқылы деген қате пікірден арылу керек. Мүмкін Еуропа елдерінде ол саясат әйел адамды бақытты қылатын шығар. Алайда, қазақ қоғамына бұл саясат жат дүние. Әйел өте нәзік, еріне бағынатын болып жаратылған. Сол себепті әйел адам еркектен бір саты төмен тұруы керек. Сонда ғана ер азамат өзін еркек сезінетін болады. Ер адам өзін әйелден мықты екенін сезінген жағдайда отбасының нағыз қамқоршысына айналады. Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек. Өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді, – деп атап өтті Қ. Сатықызы.

Семинар соңында Қыздар Университетінің студенттері маманға көкейлеріндегі сауалдарын қойып, толымды әрі нақты жауаптар алды.

Айта кетейік, «Кайдзен» академиясы әйел тұлғасын дамыту мен отбасылық қарым-қатынас бағытында жұмыс істейді. Бүгінге дейін академияның көмегіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен он мыңға жуық қыз-келіншек жүгініпті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2017 20:10

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: