Samsung компаниясы телефон қуаттайтын «ақылды» жемпір ойлап тапты

Фото: Sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2017 16:54 Фото: Sn.kz
Жемпір адам қолының қозғалысынан энергия өндіреді екен.

Оңтүстік Кореядағы Samsung компаниясы телефон қуаттайтын «ақылды» жемпір моделін патенттеп алды, - деп жазады Sn.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жемпір адам қолының қозғалысынан энергия өндіреді екен. Ол үшін күртенің жеңіне ұялы телефон иесінің белсенділігін есептейтін арнайы құрылғы орнатылады. Ал аккумулятор арқа тұста орналасқан.

Әзірге оның көлемі туралы мәлімет жоқ. Жоспар бойынша қуаты аса үлкен емес батареялар пайдаланылмақ. Сарапшылар «ақылды» жемпір қаңтар айында Лас-Вегаста өтетін CES-2018 жәрмеңкесінде таныстырылады деп болжап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: