Жаңалықтар тізбегі
0

Адвокат жол ережесіне қатысты ескі айыппұлдарды жою жолдарын атады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2018 20:53 Zakon.kz
Енді 1 жыл 25 тәуліктен асып кеткен айыппұлдарды камерадан жоя аласыз.

Жаңа жыл автокөлік жүргізушілері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушілерге салынатын бірқатар айыппұл түрлері төмендеді. Бұған қоса, жаңа Заң бойынша енді мерзімі өткен айыппұлдарды төлемеуге болады, деп хабарлайды Stan.kz.

Заңға енгізілген өзгеріс туралы адвокат Джохар Утебеков айтып берді.

“Енді 1 жыл 25 тәуліктен асып кеткен айыппұлдарды камерадан жоя аласыз. Бұған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 889 және 890 баптарына енгізілген түзету мүмкіндік береді”, деп жағымды жаңалықты жеткізді заңгер.

Адвокат сөз еткен өзгеріс заңдық күшіне 2018 жылдың 9 қаңтарында енеді.

“Мұндай жетістікке жету үшін автокөлік жүргізушілері 3 жыл күресті, оның ішінде мен де бармын. Бұл жеңілдік 1 жыл 25 тәулікке жетпестен мәжбүрлі түрде соттың орындалуына кетіп қалған айыппұлдарға жұрмейді”, – деп ескертті заңгер.

“Полицейлер айыппұлдың көзін жоймасы анық. Сондықтан сізге өтініш беруге тура келеді”, – деген адвокат бұл постта өтініштің үлгісін жариялады.

Сонымен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 890 бабы, 1-тармағына сәйкес заңдық күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы орындалмаған болса, айыппұлды төлеу туралы бұйрық орындалмайды. 4) ӘқБК 889-бабына сәйкес, бұйрықты шығарған орган оны орындауды доғарады және азаматты әкімшілік айыппұлдан босатады.

ӘқБК 887-бабы, 2 және 4 тармағына сәйкес, айыппұлды төлеу туралы бұйрықты шығарған орган ғана оның күшін жоққа шығара алады. Ол 3 күн ішінде өтінішті қарап, шешім шығарады. 887-баптың 5-тармағына сәйкес, бұйрықтың көшірмесі айыппұл салынған физикалық тұлғаның қолына табысталуы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: