ОҚО-да 10 жасар балаға жыныстық азғындық көрсеткен жеткіншек ақталып шықты

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2018 21:18 Stan.kz
Ол 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсетті деп айыпталған болатын.

ОҚО-да 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсетті деп айыпталған бозбала ақталды, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Түлкібас ауданының тұрғыны 15 жасар бозбалаға қатысты іс қаралып жатыр. Ол 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсетті деп айыпталған болатын. Бірақ алқа билер сотының шешімімен барлық айыптаудан ақталып шыққан.

Жәбірленуші баланың ата-анасы апелляциялық алқаға сот үкіміне шағым жолдаған. Олар істің қайта қаралуын талап етуде. Бірінші апелляциялық алқа сот отырысы жәбірленуші тараптың өтінімімен кейінге қалдырылды. Баланың анасы іс-сапарда жүр. Ақталып шыққан баланың туыстары мен адвокаттары бұл сотта да кінәлі емес екендіктерін дәлелдеп шығатындарына сенімді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: