Еліміздің тұрғындары жаңа-жыл мерекесіне қарсы 195 млрд теңгеге сауда жасаған

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2018 15:51 Stan.kz
Шоппинг жасауда алматылықтар аса белсенді болған.

Еліміздің тұрғындары жаңа-жыл мерекесіне қарсы 195 миллиард теңгеге сауда жасаған. Бұл әлеуметтік сала, аймақ қауіпсіздігі мен көлік инфрақұрылымын қоса алғанда білдей бір Қарағанды облысының бір жылдық бюджеті, деп хабарлайды 31 арна.

Әсіресе шоппинг жасауда алматылықтар аса белсенді болған.

Қала тұрғындары 80 миллиард теңгеден астам сомаға техника, киім-кешек, косметика мен ойыншықтар алған. Бөлшек саудада Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы мен Астананың да үлесі басым. Олар 19 және 16 миллиард теңгеге сауда-саттық жасапты. Өткен жылдың 3 тоқсаны бойынша сауда орындары елдің ішкі жалпы өнімінің 15,5 пайызын қамтамасыз етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: