Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады

i.onthe.io, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2018 15:11 i.onthe.io
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте, солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді.

Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын және жел 15-23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетіп, бұрқасын болады.

Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жел 18 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: