Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты жол жабылды
Хабар 24
Боран, дауыл, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты жол жабылды.
Батыс Қазақстанда республикалық маңызға ие жол учаскесі жабылды. Бұл туралы ХАА Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады, деп жазады Хабар 24.
«5 ақпан күні 18:00-ден бастап қолайсыз ауа райына (боран, дауыл, көру мүмкіндігінің шектелуі) байланысты республикалық маңызға ие «Орал - Каменка - РФ шекарасы» автожолының 74-104 км учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін жабылды», – делінген ведомствоның ресми сайтында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript