Сирияға кетпек болған әйел экстремистік әрекеті үшін 9 жылға сотталды
sn.kz
Күйеуінің кәмелетке толмаған інісін де содырлар қатарына қосылуға үгіттеген.
Қарағандыда Сирияға кетпек болған әйел 9 жылға сотталды. Қазыбек би қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот осындай үкім шығарды деп хабарлайды kaztrk.kz.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 29 жастағы Жансая Таңатарова 2016 жылдан бері Сирия жасақтарымен әлеуметтік желі арқылы байланыста болған.
Күйеуінің кәмелетке толмаған інісін де содырлар қатарына қосылуға үгіттеген. Өзі 2017 жылы қыркүйек айында Сирия жауынгерлеріне медициналық көмек көрсетуді жоспарлап, Қарағандыдан шығар жолда ұсталған.
Жансаяның күйеуі де былтыр «Лаңкестік» бабымен сотталған. Ал, әйелге Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды.
Қайрат Қасымов, Қазыбек би атындағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы: -Айыпталушы ҚР ҚК– нің 259 бабы, 2 бөлігі мен 257-інші, 24-інші баптарының 3 бөлігіне сәйкес айыпты деп танылсын. 9 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа режимдегі мекемесінде өтейді.
Руслан Нұрланұлы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript