Тамара Дүйсенова М.Әбілқасымоваға сәттілік тіледі
Баспасөз өкілдері жаңа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымоваға бұрынғы министр Тамара Дүйсеновамен сөйлесті ма деген сұрақ қойды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Ия. Тамара Дүйсенова қызметіме зор табыс тіледі", — деді министр.
Сонымен қатар, М.Әбілқасымова Ұлттық экономика министрлігінде нақты қандай қызмет атқарғанын түсіндірді, ол жақтағы жұмысы да әлеуметтік саламен байланысты болғанын атап өтті.
"Ұлттық экономика министрлігінде адам капиталын дамыту және әлеуметтік даму мәселелерімен айналыстым. Біз үйлестіруші орган ретінде барлық мемлекеттік бағдарламаны, стратегиялық даму жоспарларын келісетінбіз. Атап айтқанда, мен үкімет жұмысындағы әлеуметтік салаға жетекшілік еттім. 2030 жылға дейін Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы тұжырымдамасын әзірлеуге де тікелей қатыстым", - деді министр.
Оның айтуынша, Ұлттық экономика министрлігінде экономикалық ынтымақтастық және дамуды ұйымдастыруға қатысты барлық жұмысты өзі үйлестірген.
"Сол кезде бізге әлеуметтік, кадр дайындау, еңбек ресурстарын дайындау сапасы стандарттарын ЭЫДҰ елдерімен сәйкестендіруге қатысты көп ұсыныс түсті. Бұл болашақта Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына кіруі жолында өте маңызды міндет деп санаймын", - деді М. Әбілқасымова.
"Осыған байланысты мен жаңа жұмысымда Қазақстанның әртүрлі жүйесіне жетекші халықаралық стандарттарды енгізуге баса ден қойғым келеді. Меніңше, қазір бұл өте өзекті мәселе", - деп түйіндеді министр.