Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында «қонақүйге» айналған автобустар тексерілді

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2018 16:28 Хабар 24
Атырау облысы аумағындағы автобустарды тексеру кезінде 753 заңбұзушылық анықталды.

Ақтөбе облысындағы автобус апатынан кейін алыс жаққа жолаушы тасымалдайтын көліктердің техникалық жай-күй жіті тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Өткен 20 тәулікте тек Атырау облысы аумағындағы автобустарды тексеру кезінде 753 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде жылдамдықты асыру, техникалық тіркеуден өтпеу секілді жиі кездесетін кемшіліктермен қатар өрескел құқық бұзу деректері де тіркелді. Мәселен, Өзбекстаннан Маңғыстау облысы арқылы Атырауды басып өтіп Ресейге бет алған үш бірдей шағын автобустың жүргізушісі жауапқа тартылды. Өзбекстандық азаматтар тізгіндеген автобустар шағын «қонақүйге» айналған. Көлік іші төсек-орынмен жабдықталып, артық адам отырғызуға шақтап жасалған. Жергілікті полиция мен көші-қон полициясы бұл жүргізушілерді жауапқа тартып, басы артық жолаушыларды Ресей бағытына кетіп бара жатқан өзге көліктерге мінгізіп жіберді. Жол сақшыларының қауіпсіздік шарасы 18 ақпанға дейін жалғасады.

- «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында барлығы 700-ден астам заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 135 жүргізушіге қоғамдық көлікті басқарып келе жатыр телефонмен сөйлескені үшін хаттама толтырылды. Одан бөлек жылдамдық асыру фактілері бойынша жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: