Жаңалықтар тізбегі
0

Астана тұрғыны такси жүргізушісіне шағым түсірді

express-k.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2018 18:00 express-k.kz
Такси шақырамын деп ауруханадан бір-ақ шықты.

Астана қаласының тұрғыны такси жүргізушісінен жәбір көрдім деп шағымданды. Алайда көлік тізгіндеген азамат тағылған айыппен келіспей отыр деп жазады Хабар 24 арнасы.

7 қазан 2017 жыл. Бұл күн балдақпен әрең жүріп жүрген Ольга үшін ұмтылмастай болды. Құрбысымен мейрамханада көңіл көтерген олар түнгі 1 шамасында арнайы қызмет арқылы такси шақырады. Бірақ жүргізуші дөрекілік танытқандықтан діттеген жеріне жетпестен жарты жолда түсіп қалуды жөн көрген. «Алайда ол көлігін тоқтатқан бойда мені соққыға жықты», – дейді Ольга.

Ольга Морозова, қала тұрғыны:- Ол тоқтай салысымен құрбым екеумізді балағаттай бастады. Мен барынша сыпайылық таныттым. Қолымдағы ақшамды ұсату үшін дүкенге бармақшы болып есікті ашқан бойда артымнан келіп мені сілкілеп айқайға басты. Сосын асфальтқа итеріп жіберді. Мен бірнеше рет тұруға тырысып едім, ол мені тағы да итерді. Өлтіремін деді. Сосын мен орнымнан тұра алмай қалдым. Құрбыма маған жедел жәрдем шақыр деп айқайлағаным есімде.

Бірақ такси жүргізушісінің бұған өз айтары бар. Бетін көрсетпеуді өтінген бұл азамат сол түнде Ольганы үйіне жеткізіп салдым дейді. Алайда ол ішімдікке лық тойып алғандықтан көлікке отырған бойда ұрыс шығарып мазасын алыпты. Ал түсер кезде жол ақысын төлемей айқайға басқан.

Такси жүргізушісі:- Бетімді тырнап жатыр, ұрып жатыр. Мен машинаны айналып олардан қашып жүрмін, ол мені ұрып-соғып жүр. Сөйтіп жағама жармасып алған соң, жұлқынып қалған кезде ол құлады. Мен сол кезде полияцияға хабарласып үлгердім. Жедел жәрдем оларды тез алып кетті. Мен полицияға барып арыз жазамын деп таңғы сағат 06:00-ге дейін отырдым. Арызды ешкім қабылдамады. Ең соңында полицей мені алдағандай болып, «олар өздері кінәлі, олар келмейді, сіз түсініктеме жаза салыңыз» деді. Арада 1 ай өткенде, 7 қарашада мені полицияға шақырды.

Жүргізушінің айтуынша, бұған дейін де тараптардың арасында кикілжің туындаған. Осыдан 4 жыл бұрын такси шақыртқан Ольга Морозова оның басына бөтелкемен қойып қалған екен. Бірақ ол кезде жүргізуші кешірім беріпті. Болған оқиғаның анық-қанығын Астана қалалық Ішкі істер департаментінен сұрастырып білмек болдық. Алайда қазір сотқа дейінгі жабық жағдайда тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан қандай да бір ақпарат алу мүмкін емес. Енді мәселенің ақ-қарасын құзырлы органдар анықтайды.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Жандос Битабар

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: