Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2018 15:10 elorda.info
Бүгін бірнеше облыста көктайғақ, бұрқасын болады.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 30 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерінде 30 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында түнде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25м/с, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде жаяу бұрқасынмен. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күші 15-23 м/с болады, Батыс Қазастан облысында бұрқасын болуы ықтимал.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: