Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасының студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы жастарды қуантты

alau.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2018 18:46 alau.kz
Елбасы тапсырма берді. Ендігі міндет - оны орындау.

Мемлекет басшысы жариялаған әлеуметтік бастамалар аясында айтылған студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы жастарды бір қуантып тастады, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық телеарнасы.

Солардың қатарында еліміздегі студенттері ең көп қала Алматының жастары бұл өте орынды бастама екенін айтады. Қазір алып шаһарда 38 жоғары оқу орнында 300 мыңнан астам студент білім алып жатыр.
Сондықтан, жатақхана жетпейді. Амалсыз көбі пәтер жалдап тұруға мәжбүр.

Алексей Германи Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің геология факультетінде 1-курста оқиды. Алматыға арман қуып, «геологиялық барлаушы боламын» деп, Қостанайдан келген. Жатақхана жетпеген соң жалдамалы пәтерде тұрады.

Алексей Германи, студент: - Мен әпкеммен бірге пәтерде тұрамын. Айына 90 мың теңге төлейміз. Тұратын жеріміз сәл қашықтау. Сондықтан, жол жағынан кептеліс болып қалады. Ал, жаңа жатақханалар салатын болса, бұл дұрыс деп есептеймін.

Ал, Айтбек Орысбай да жатақханадан орын таппаған соң, ата-анасына салмақ салмаймын деп, жалдамалы пәтерінің ақшасын табу үшін төрт жыл бойы жұмыс істеген. Ол алаңсыз білім алуға әлеуметтік жағдайдың кері әсері барын айтады. «Сондықтан, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бастамасы болашақта оқуға түсетін жастарға жақсы болар еді», - дейді тәлімгер.

Айтбек Орысбай, студент: - Пәтерге 115 мың төлеймін. 4 бала болып жатамыз. Бізге қиын. Ақылы оқитындар да бар. Қаншама шығынға кетеді. Ал, жатақхана салынса, оның жағдайы жақсы болса, неге тұрмасқа?!

Елбасы тапсырма берді. Ендігі міндет - оны орындау. Ал, Білім және ғылым министрінің сөзінше, Президенттің тапсырмасы бойынша студенттік жатақхана салу жұмыстары биыл басталмақ.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: - Әрине, оны университеттер сала алады. Оны жекеменшік компаниялар да сала алады. Әкімдік саламын десе, салсын. Бірақ, мемлекет тарапынан әр жан басына қаржыландыру мәселені соны шешу керек. Сонда 25 мың орындық жатақханаларды үш жылдың ішінде салуға болады.

Жалпы, Алматыда 40-қа жуық университет бар. Ал, осыған колледждерді қоса есептегенде, мегаполисте 300 мыңнан аса студент білім алады. Олардың 50 пайыздан астамы алып қаланың іргесіндегі елді мекендерден үнемі қатынап оқиды. Сондықтан, жатақхана жыры білім қуған жастар үшін жыл сайын бас ауыртар базынаға айналады.

Нұрлан Асқарұлы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: