Жаңалықтар тізбегі
0

«Тұмар» телевизиялық бәйгесінің салтанатты жиыны басталды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2018 23:40 Baq.kz
Салтанатты іс-шара Қазақ телевизиясының 60-жылдығына орай ұйымдастырылуда.

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің салтанатты жиыны басталып, қонақтар қызыл кілеммен жүріп өтті. Биылғы жылғы салтанатты іс-шара Қазақ телевизиясының 60-жылдығына орай ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Baq.kz.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен телеарналар басшылары, журналистер, телевизия қызметкерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен эстрада жұлдыздарымен қоса, қазақ телевизиясының ардагерлері жиналды.

Бәйгеге 2017 жылы эфирге шыққан телевизиялық айрықша жобалар қатысады. 14 номинация бойынша өтінімдер қабылдау 15-қаңтар мен 1-наурыз аралығында жүргізілді. Олардың ішінде қазақ телевизиясының 60 - жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналған ерекше номинациялар бар. Сонымен қатар, «Үздік операторлық жұмыс», «Жыдың үздік тележүргізушісі», «Жылдың үздік тележурналисі», «Үздік режиссерлік жұмыс» жеке номинациялары да қарастырылған.

Номинанттар арасынан ең көп қабылданған жұмыстар келесі номинацияларда: «Үздік деректі кино», «Үздік ағартушылық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік бағдарлама», «Үздік ойын-сауық жобасы». Бәйгенің қазылар алқасына журналистика мен телерадио хабар тарату салаларындағы кәсіби, жоғары білікті сарапшылары Ерлан Бекхожин, Рабиға Аманжолова, Қайрат Сақ, Нұртілеу Иманғали, Арманжан Байтасов, Арман Сқабылұлы бар.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы бәйге екінші рет өтіп жатыр. «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуниикациялар министрлігі тарапынан ең сапалы және маңызды телевизиялық мазмұнды тауып, дәріптеу үшін, талантты профессионалдарды қолдау және отандық телевизияның сапалық стандарттарын арттырып, қазақстандық телевизияның дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: