Мешітте ұрлық жасағандар ұсталды

realnoevremya.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2018 17:38 realnoevremya.ru
Тәжірибе көрсеткендей қалта ұрлығының көбісі адамдар көп шоғырланған базарлар мен қоғамдық көліктерде орын алады.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылдың басынан бері шамамен 50 бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын ашты және облыс орталығы аумағында ұрлықпен айналысып жүрген бес қалта ұрыларын ұстады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Сонымен, полиция қызметкерлері Шымкент қаласындағы мешіттерде қалта ұрлығымен айналысып жүрген жергілікті тұрғынды ұстады. Мысалға, полиция бөліміне 27 жастағы жәбірленуші арызданған, онда мешітке барған кезінде белгісіз тұлға оның киімінің қалтасынан бағасы шамамен 30 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент ҚІІБ ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20-25 жастағы күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылармен күдіктінің шамамен 20 бөтеннің мүлкін ұрлау жайттарына қатысы бары анықталды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәжірибе көрсеткендей қалта ұрлығының көбісі адамдар көп шоғырланған базарлар мен қоғамдық көліктерде орын алады. Әдетте, қалта қағарлар азаматтардың бейқам не ұқыпсыздығын пайдаланып жәбірленушілердің ұялы телефондары мен басқа да бағалы заттарын оңай жымқырып жатады.

Шымкент ҚІІБ қызметкерлері Жергілікті полиция қызметімен бірлесе бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы мақсатта өткізіліп жатқан профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері халықпен кездесулер ұйымдастырып тұрғындарға қалта ұрлығы бойынша көшелерде және қоғамдық орындарда ескертпе қағаздарын таратуда.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: