Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев кәсіпкерлерден санитарлық нормаларды сақтауды өтінді

Inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 16:11 Inbusiness.kz
Тәжірибе көрсеткендей, жауапкершілік пен оның маңыздылығын түсінетіндер көп емес.

Қала әкімі Instagram-дағы өзінің парақшасында эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң өндіріс, құрылыс, сауда мен қызмет көрсету орындары жұмыстарын кезең-кезеңмен жандандыра бастағанын еске салды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Басты талап – санитарлық нормаларды сақтау. Оның өзі қиын емес, яғни санитайзер, қорғаныс бетпердесі, қолғап пен әлеуметтік қашықтық. Егер ірі кәсіпорындар өз жұмысын тексеруден кейін бастаса, шағын бизнес саласына рұқсат хабарлама принципі бойынша берілді. Бұл ретте жауапкершілік жүгі кәсіпкерге жүктелді", — деп жазды Б. Сағынтаев.

Тәжірибе көрсеткендей, жауапкершілік пен оның маңыздылығын түсінетіндер көп емес. Мамандармен тексерілген 2,4 мыңға жуық субъектінің138-інде заң бұзушылық анықталды. Кейбіреуінің қызметін тоқтатуға тура келді.

"Кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерінен өтініп сұрарым, қызмет түріне қарамастан, белгіленген нормаларды ұстану керек. Егер қауіпті індеттің қайта өршуіне жол берсек, қаланың тыныс-тіршілігіне ауыр соққы болары анық. Бір-бірімізді қолдайық", — деп Алматы әкімі қала кәсіпкерлеріне үндеу тастады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: