Жаңалықтар тізбегі
0

Абаев екі редакцияда жүргізілген тінтуге қатысты мәлімет берді

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2018 21:40 Sputniknews.kz
Ақпарат министрлігінің басшысы Ratel.kz мен Forbes редакцияларындағы тінту туралы жаңалықтардан естіпті.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құқық қорғау органдарынан Ratel.kz порталы мен Forbes Kazakhstan журналының редакцияларында жүргізіліп жатқан тінтуге қатысты ақпарат сұратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Иә, мен бұл туралы жаңалықтардан естідім. Қазір біздің министрлік құқық қорғау органдарынан қосымша ақпарат алуға тырысып жатыр. Қажетті ақпарат түскен кезде, біз сіздерге хабарлаймыз, тиісінше құқық қорғау органдарындағы әріптестерімізден сіздерге түсініктеме беруді өтінеміз", — деді министр Дәурен Абаев Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Айта кетсек, бүгін полиция қызметкерлері Ratel.kz порталы мен Forbes Kazakhstan журналының редакцияларында тінту жүргізіп жатқаны белгілі болды. Журналист Вадим Борейконың ақпаратынша, Ratel.kz редакциясында құжаттар мен компьютерлер тәркіленген. Сонымен қатар, порталдың бас редакторы Марат Асипов, орынбасары Сапа Мекебаев және шолушы Анна Калашникова ұсталғаны мәлім болды. Forbes Kazakhstan редакциясында бас редактордың орынбасары Александр Воротилов ұсталды. Полиция әзірге болған оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: