Қазақстанда өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеген 70-тен аса сауда орны анықталды
Хабар 24
Тексерістен өткен барлық кешендердің тек үшеуінен ғана кемістік табылмады.
Кәсіпкерлер бас-аяғы мыңнан астам заңбұзушылыққа жол берген, деп хабарлайды Хабар 24.
Бүгін бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер журналистерге хабарлады. Тексерістен өткен барлық кешендердің тек үшеуінен ғана кемістік табылмады. Олар – Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының екі базары мен Қостанай өңірі аудандарының біріндегі сауда үйі. Айту керек, осы айдың соңына дейін елімізде 1 мыңнан астам нысан тексеріледі.
- Заңбұзушылық көп. Мысалы, эвакуациялық шығу жолдары жабық я болмаса ол жерде сауда бутиктері орналасқан. Әйтеуір қауіпсіз жерге көшу көктегі күнді алудан қиын. Сатылардың астында қолдан қоймалар жасалып, қосымша дүкендер орнатылған. Өрт дабылы мен өрт сөндірудің автоматты жүйесі жұмыс істемейді, - дейді ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript