Петропавлдың сауда үйлерінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу деректері анықталды
Хабар 24
Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметкерлері хабарлап отыр.
Петропавл қаласында ең ірі екі ойын-сауық орталығының өртке қарсы қауіпсіздігі тексерілмеген, деп хабарлайды Хабар 24.
Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметкерлері хабарлап отыр. Аталған кешендер тұрғындардың балаларымен жиі барып демалатын орын. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында қауіпсіздік деңгейі жоғары 30 нысан бар. Былтыр мамандар 17 сауда үйін тексеріп, өртке қарсы 70 ереженің бұзылғанын анықтады. Бір қызығы, бақылау барлығына бірдей емес. Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жаңадан ашылған ойын-сауық кешендері 1 жыл тексерілмейді. Заң бойынша төтенше жағдайлар қызметкерлері адам көп шоғырланатын нысандардың жобалау жобасын жасауға да қатыса алмайды.
- Бұл тізімнен біз ғана шығып қалған жоқпыз. 2016 – ыншы жылдан бастап нысанды жобалап қабылдау ісіне барлық мемлекеттік мекемелер араласа алмайды. Оны арнайы комиссия жүргізеді. Оның құрамына тапсырыс беруші, құрылыс компаниясы, мердігер ұйымы мен жобалаушы кіреді, - дейді облыстық ТЖД басқармасының бастығы Денис Шуваев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript