Қазақстанда өрт қауіпсіздігі тексерілетін тұрғын үйлер анықталды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғын үйлерді өрт қауіпсіздігі тұрғысынан тексеру тәртібі туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік мәліметінше, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау тәртібі Қазақстан Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі.
Оның талаптарына сәйкес, мемлекеттік бақылау жоғары және орташа тәуекел деңгейіндегі объектілерде жүргізіледі. "Азаматтық қорғау туралы" заңға сәйкес, бақылау профилактикалық сипатта жасалып, объектіге барып тексеру арқылы жүзеге асады.
Объективті критерийлер бойынша, биіктігі 28 метрден асатын көпқабатты тұрғын үйлер жоғары тәуекел санатына жатқызылады және жылына бір реттен артық емес мемлекеттік тексеруге жіберіледі. Бұл тексерулер алты ай сайын жасалған тізім негізінде өткізіледі.
Жаңа өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік бойынша қорытынды жасаудың толық ережелері осы материалда көрсетілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript