Жаңалықтар тізбегі
0

Мысырлық футбол жанкүйері Ресейде өтетін әлем чемпионатына велосипедпен жолға шықты

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2018 18:19 Stan.kz
Ресей тарихында алғаш рет әлем чемпионаты 2018 жылдың 14 маусымы мен 15 шілдесі аралығында 11 қалада өтеді.

Мысырлық азамат Мұхаммед Нофаль әлем чемпионатын көру үшін велосипедпен жолға шықты. Ол Мәскеуге 65 күн ішінде жетіп, әлем чемпионатының ақтық кезеңіне үлгеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Египет құрамасы 28 жылда алғаш рет финалдық кезеңге өткеннен кейін, саяхатқа аттану туралы идея ойыма келді. Дәл осындай саяхат жаңа тәжірибе жинап, рухани жағынан баюға көмектеседі», – дейді ол.

Саяхатың алғашқы кезеңі мысыр жерінде өтеді және ол он күнге жалғасады. Нофаль Каирден Қызыл теңізде орналасқан Нубейба портына аттанбақ. Одан әрі қарай саяхаттаушы Иорданияның Акабу қаласына, артынша астанасы Амманға жол тартпақ.

“Ауа-райы, жол, қауіп – барлығы ескерілді. Бірақ қауіп қашан да бар”, — дейді Нофаль.

Футбол жанкүйері Амманнан Софияға дейін ұшып бармақ, әрі қарай Мәскеуге велосипедпен жол жүрмек. Бұл аралықта ол Румыния, Молдавия, Украина елдерінен өтеді.

Жоспар бойынша, Нофаль 31 мамыр күні Ресей шекарасынан асып өтпек, ал 7 маусым күні Мәскеуге жетпекші. Ал үйге Мысыр құрамасымен бірге арнайы рейспен оралуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Ресей тарихында алғаш рет әлем чемпионаты 2018 жылдың 14 маусымы мен 15 шілдесі аралығында 11 қалада өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: