Қазақстан батуттағы гимнастикадан Испанияда өтетін әлем чемпионатына қатысады

Батуттағы гимнастика, Испания, әлем чемпионаты, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 19:56 Сурет: ҚР ҰОК
5-9 қараша аралығында Испанияның Памплона қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі де жария болды: Данил Мусабаев, Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков, Никита Тумаков және Виктория Бутолина.

Қазақстандық спортшылар жекелей және синхронды секіру бағдарламаларында, сондай-ақ ерлер және аралас санаттарда өнер көрсетеді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Бұған қоса, ерлер құрамасы командалық есепте жүлде үшін бақ сынайды.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Давид Лория жас футболшы Диас Төлеудің алаңда қайтыс болуына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: