Астаналықтарға қаруларын өз еріктерімен тапсыру ұсынылды

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2018 18:40 elorda.info
Ведомство тіркелмеген қару-жарақты өз еркімен әкеліп тапсырғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын ескертті.

Астана қаласының ІІД қала тұрғындарына 10 сәуірден бастап заңсыз сақталған қару-жарақтарды тапсыруды ұсынды. Полицейлер қаруды өз еркімен әкеліп берген тұрғынға ақша төлеуді көздеп отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тұрғындар арасында заңсыз сақталған қару-жарақ пен жарылғыш заттарды сатып алу мақсатында 10 сәуірден бастап арнайы акция өткізіледі. Қаруды өз еркімен тапсырғандарға қарудың түрі мен жағдайына байланысты 10-нан 100 АЕК мөлшерініне дейінгі көлемде ақша төлеу қарастылылған», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған қоса ведомство тіркелмеген қару-жарақты өз еркімен әкеліп тапсырғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын ескертті.

«Сыйақы көлемін тағайындау кезіне комиссия қарудың техникалық жағдайын ескереді. Комиссия қарудың техникалық жағдайын үш санат бойынша бағалайды. 1 санатқа жататын қаруға ұсынылған бағаның 100 % есебі төленеді. 2 санатқа жататын төлем ұсынылған бағаның 70 %, ал 3 санат бойынша қару-жарақ құнының 30 % төленеді», делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: