Оңтүстік Қазақстанда 9 жастағы бала газға уланып көз жұмды
f.azh.kz
Үйде орнатылған газ пешінде ақау табылған.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында екі адам газдан уланып, 9 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай аталған ауданның Азаттық ауылында орын алған. 2009 жылы туған баланы аман алып қалу мүмкін болмады, ал оның 17 жастағы әпкесі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Газ таратушы мамандардың сөзінше, үйде орнатылған газ пешінде ақау табылған. Қазір бұл жағдайдың себебін аудандық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері анықтауда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript