Жаңалықтар тізбегі
0

«Керуен» сауда орталығында оқу-жаттығу кезінде кемшілік шықты

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2018 15:02 elorda.info
Эвакуациялық есіктер антипаника жүйесі бойынша жұмыс істейді.

«Керуен» ойын-сауық орталығы Астанадағы ең танымал сауда орындарының бірі. Күн сайын оған шамамен 30 мыңға дейін адам барады. Бүгін орталықта өртке қарсы оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Орталықтың нормасына сәйкес эвакуация жеті минуттың ішінде өтіп, орталықтың қызметкелері мен келушілері қауіпсіз жерге шығарылып үлгеруі керек-тін. Алайда, жаттығу кезінде олай болмай шықты, құтқарушылар адамдардың барлығын құтқара алмады. Ал жаттығудың қалай өткенін Елорда Инфо тілшісі көріп қайтты.

«Сауда орталығының 12 эвакуациялық есіктері жұмыс күні аяқталғанша ашық тұрады. Ал сауда орталығы жұмысы ақталғанда антитеррорға сәйкес олар жабылады. Біздің есіктер қозғалыс датчиктерімен жабдықталған. Рұқсатсыз кіруге талпыныс жасалса дабылдатқыш диспетчерлік тетігіне хабарлама түседі. Эвакуациялық есіктердің барлығы бейнебақылау камераларымен жабдықталған», - деді «Керуен» ОСО бас инженерінің міндетін атқарушы Денис Уваров.

Эвакуациялық есіктер антипаника жүйесі бойынша жұмыс істейді. Ол жоғары сенімділік деңгейімен мінезделетін және қауіпті жағдай орын алғанда кедергісіз шығуды қамтамасыз ететін шұғыл шығу жүйесі.
Оның айтуынша, тоқсан сайын орталықта тексеріс жүргізіліп, өртке қарсы қауіпсіздік жүйесіне тиісті өзгерістер енгізіліп тұрады.

Сондай-ақ ол тамақтану аймағында өрт шықса, автоматты түрде түтінді жою жүйесі іске қосылып, ал сатыларда ауаны тазарту жүйесі жұмыс істейді. Жедел сатылар эвакуациялық болып табылады және бірінші қабатқа түсіп, есіктері ашылады. Эскалаторлар да тоқтатылады. Сауда орталығының нормасы бойынша эвакуция уақыты 7 минутты құрайды.

Орталықтағы өрт туралы хабарлау жүйесі автоматты түрде іске қосылады: өртке қарсы датчиктер жалға берілетін әр ғимарат, дәліз бен мейрамханаларда орналасқан. Сол сияқты орталықтың ішінде қол тетіктері бар, өртті байқаған кез келген адам оны басып, дабыл қаға алады.

Денис Уваров ОСО өртке қарсы жүйесінің тиімдігіне сенімді екенін айтты.
Орталық қызметкерлерінің міндетіне эвакуациялау кезінде келушілерге бағыт-бағдар беру кіреді. Айта кетейік, орталық қызметкерлері өрт сөндіруге қатыса алмайды.

Аталған сауда орталығына келген журналистер байқаған кемшіліктердің бірі – шығу есіктерін көрсететін белгілердің жоқтығы. «Шығу» деген жазуы бар есікті тек жол нұсқап алып жүруші адамдардың көмегімен таба алды. Дәліздердегі аталған белгінің болмауынан адасып кету қаупі бар.

Сценарий бойынша 11.00 кезінде өрт туралы дабыл берілді. Алты минуттан соң орталық ғимараына 12 бірлік арнайы техника мен өрт сөндіру қызметінің 55 маманы келді.

«Тұтас алғанда орталық қызметкерлері жақсы жұмыс істеді, бірақ әлі анықтайтын боламыз. Алдымен батутты неге сонша ұзақ үрлегенін анықтаймыз. Оны жасаған зауыт техникалық құжаттарында оның бес минутта дайын болатынына кепілдік берген. Бірақ олай болмай шықты. Өткне жылы осындай үш құтқару құралын сатып алынды», - деді Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Мейрамбек Қайсанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: