Құлағы саңырау зообақ күтушісі құс тілін меңгеріп, тотықұстармен достасып алған
48 жастағы Сингапур тұрғыны Разали Бин Мохамад Хабидин кішкентайынан есту қабілетінің 80%-ын жоғалтқан. Бірақ ауру салдарынан саңырау болып қалған азамат арнайы тілде сөйлеуді және жергілікті хайуанаттар бағындағы тотықұстармен қарым-қатынас жасауды меңгеріп алған. Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Осыдан жиырма жыл бұрын хайуанаттар бағында жұмыс істеуге келген Разали Бин Мохамад Хабидин жақында құстарға қарайтын бөлім бастығының орынбасары болды. Есту қабілетінің жоқтығы Хабидиннің жұмысын жақсы атқаруға және оннан астам бағыныштыларды басқаруға кедергі келтірмейді. Бірақ Хабидин тағы бір қасиетімен ерекшеленді.
«Ол құстармен тілдесе алады. Сондай-ақ, құстарға қарап, оларға не қажет екенін түсінеді»,-дейді хайуанаттар бағынының қызметкері Анджелина Лима.
Ер адам құстармен тілдесу үшін түрлі тілде сөйлеуді және әртүрлі қорсылдааудан тұратын ерекше тіл жасап шыққан. Таң қаларлығы, тотықұстар оны жақсы түсінеді. Хайуанаттар бағының басқа қызметкерлері Хабидинді құстардың арбаушысы деп атайды.
Бірақ Хабидин адамдармен қарым-қатынас жасау құстармен сөйлесуден әлдеқайда қиын екенін мойындайды. Өйткені ол ерін арқылы оқуға болатындығын біледі, бірақ іс жүзінде сөйлей алмайды, тек ишарамен шектеліп қаалады. Адамдар оны түсінбейді, бірақ тотықұстар онымен әңгімескеніне қуаанаады. Хабидиннің айтуынша, әрбір құстың өзіндік ерекшелігі бар.