Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетау тұрғыны аса ірі көлемде гашиш сатқан

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 14:52 Сурет: ҚР ІІМ
46 жастағы ер адам есірткімен байланысты қылмыс үшін сотталып шыққан, алайда оған қарамастан заңсыз “бизнесті” жалғастырғандығы белгілі болды.

Есірткі сатушы арнайы іс-шаралар барысында іс үстінде ұсталды. Ақмола тұрғыны сатып алушыға гашиш есірткі заты бар бес полиэтилен орамасын сатқан. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің салмағы шамамен 30 грамм болды, бұл ірі мөлшерге жатады.

Санкцияланған жеке тінту кезінде жедел уәкілдер осы затқа ұқсас тағы 4 орама тәркіледі. Сонымен қатар есірткі өткізушінің тұрғылықты жерінен есірткі құралдарын қолдануға арналған құрал табылып, тәркіленді.

Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: