Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында батып кете жаздаған балықшы ағашқа өрмелеп, аман қалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2018 19:00 Сурет: zakon.kz
Балық аулаған азамат су деңгейінің көтерілгенін байқамай қалған.

Ертіс өзенінің Быструшка ағысында балық аулап отырған Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылдық аймағының тұрғыны зардап шекті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 5 мамыр күні сағат 21.40-та Павлодар қаласының «112» нөміріне оқыс жағдай орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

- Кешкі уақытта балық аулаған азамат су деңгейінің көтерілгенін байқамай қалған. Жүзу құралдары болмағандықтан, ағашқа мінген. Бірден шұғыл түрде оқиға орнына Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің жауапты тұлғасы мен №7 құтқару бөлімінің құтқарушысы жүзу құралымен шықты. Алайда құтқарушылар жеткенге дейін сол маңайда жүзу құралымен балық аулап отырған жергілікті тұрғындар ер адамды ағаштан түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізген, - дейді департаментте.

Құтқарушылар қазіргі таңда Шүлбі ГЭС-нен табиғатты қорғау мақсатында су жіберудің нәтижесінде Ертіс өзені жағадан шығып, жайылым жерлерді су басатынын еске салады.

Осыған байланысты әуесқой балықшыларға және су айдындары маңында демалуды ұнататын азаматтарға тәуліктің қараңғы кезіне дейін бөгелмеуді және судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: