Семейде мектеп шатыры құлағалы тұр
Сурет: zakon.kz
Мектептің шатырынан жаңбыр жауса, су құйылып, ішке кіреді.
Семейдегі оқушылар мұғалімдердің кабинетінде, спортзалда тіпті коридорда оқып жүр, деп хабарлайды Хабар 24.
Өйткені мектептің шатырынан жаңбыр жауса, су құйылып, ішке кіреді. Енді оқу кабинеттерінің сылағы түсіп, қабырғалары жарылған. Соған қарамастан сабақ тоқтаған жоқ. Жыл басында өткізілген тендермен енді жөндеу басталыпты. Мердігер жақын арада шатырды жөндеп береміз деп уәде етті.
– Ғимараттың шатырына 59 млн теңге ақша бөлініп отыр. Жылу жүйесіне 8 млн теңге ақша бөлініп, 2 бірдей конкурс өткізілді. Осыған қоса кабинеттердің де төбелері жөндеуден өткізіледі, - дейді қалалық білім бөлімі жетекшісінің орынбасары Гүлнар Оразбекова.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript