Арқалықта мектеп өртеніп жатыр

Өрт сөндіруші, өрт, Қостанай облысы, Арқалық, мектеп, шатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 21:32 Сурет: Zakon.kz
2026 жылы 26 мамырда Қостанай облысы Арқалық қаласында №5 орта мектептің төрт қабатты ғимаратының шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама түскеннен кейін үш минут ішінде оқиға орнына алғашқы бөлімше келіп жетті.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде ғимарат шатырының алдын ала 1100 шаршы метр аумағы ашық жалынға оранғаны анықталды. Өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімдерінің және ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеуде. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Үздіксіз су беру үшін нысаннан 300 метр қашықтықта орналасқан екі өрт гидранты пайдаланылуда.

Бұған дейін түнде Астанадағы балалар ауруханасынан өрт шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: