Павлодарда 11 жасар баланы жел ұшырып, өзенге құлатып жіберді

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 15:43 stan.kz
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың көмекке шақырған даусын естіп, құтқарушылар құтқарған.

Павлодарда Усолка өзеніне 11 жастағы бала құлап кетті, деп жазады stan.kz.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың көмекке шақырған даусын естіп, құтқарушылар құтқарған. Олар баланы жылытқан соң, туыстарына хабарласып, қолына табыстады.

«Сағат 19.14-те оқушы өзеннің маңында серуендеп жүріп, желдің екпініне қарсы тұра алмай суға құлап түскен. Оқиға «Дельфин» құтқару станциясының маңында болған. Қасында болған үш жеткіншек шошып қалған болар, сол жерден қашып кетті», – деді ТЖД жедел іздеу жасағының басшысы Серік Шериязданов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: