Жаңалықтар тізбегі
0

Францияда бір жылда 1 млн адам темекіні тастаған

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2018 22:51 ҚазАқпарат
2016-2017 жылдармен салыстырғанда олардың саны миллионға қысқарған.

Францияда соңғы онжылдықта темекі тартатындар санының азаюы рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2016-2017 жылдармен салыстырғанда олардың саны миллионға қысқарған. Франция қоғамдық денсаулық сақтау қызметі жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындылары осыны растап отыр.

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, 2016 жылы 18-75 жас аралығындағы франциялықтардың 29,4%-ы темекі шексе, былтыр бұл көрсеткіш 26,9%-ды құраған.

Әсіресе, жастар мен табысы аз тұрғындар арасында темекіден бас тартып жатқандар көп. Мамандар бұған себеп ретінде жуырда Францияда темекіге қарсы нормаларға енгізілген өзгерістерді көрсетіп отыр. Атап айтқанда, соңғы жылдары елде темекі маркаларының орамдарын біркелкі ету, темекі өнімдерінің бағасын көтеру, темекіні тастауға әрекет етіп жүргендерді ынталандыру, Ұлттық темекіге қарсы күн сияқты шаралар оң нәтижесін берген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: