Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар, шаңды дауыл тұрып, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Дегенмен елдің батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Қарағанды, Солтүсік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан жоғары болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал.
Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с болады. Соның салдарынан дауыл, шаңды дауыл соғады деп болжанады.
Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі болуы мүмкін.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, сондай-ақ дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градуска дейін үсік жүреді.