Елімізде жаз мезгілі жаңбырмен басталады
Zastavki.com
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы және найзағайлы салқын ауа райы сақталады.
Синоптиктер 31 мамыр мен 2 маусым аралығындағы ауа райын болжады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанда жиі жаңбырлы және найзағайлы салқын ауа райы сақталады. Мұндай ауа райы тропосферада орныққан солтүстік-батыс ауа ағындарымен, солтүстік теңіздердің жағалаулық аудандарынан келген суық және ылғалды ауамен байланысты.
Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында қысқамерзімді жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғады.
Ауа температурасы нормадан 1-3 градусқа төмен және оған жуық болады, ал орталық және шығыс облыстарда түнде кей жерлерде үсік күтіледі деп болжануда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript