Элизабет Тұрсынбаева ресейлік бапкердің қоластында жаттығатын болды
Baq.kz
Спортшы мен жаттықтырушының серіктестігі Пейжіңде өтетін Олимпиада ойындары-2022 дейін есептелген.
Қысқы Азиада-2017 мен жасөспірімдердің 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қорла жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Турсынбаева ресейлік жаттықтырушы Этери Тутберидзенің тобына кірді, деп хабарлайды Baq.kz.
Спортшы мен жаттықтырушының серіктестігі Пейжіңде өтетін Олимпиада ойындары-2022 дейін есептелген. Бүгінде Элизабет Турсынбаева Тутберидзе тобында Новогорск қаласында жаттығуда.
Естеріңізге сала кетейік, қазақтандық спортшының бұған дейінгі жаттықтырушысы канадалық Брайан Орсер болды. «Үш аксель мырзаның» командасында Элизабет 5 жыл тер төккен болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript