АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы тарихи кездесуге қауіп төнді
Ақ үйдегі адвокат Руди Джулиани Ким Чен Ын АҚШ президентімен кездесу өткізуді «тізерлеп» сұрады деген мәлімдемесінен кейін саммиттің өткізілуіне қауіп төнді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ынмен саммит өтпейді деп хабарлағаннан кейін, ол төрт аяқтап келіп кездесу өткізуді жалынып сұрады. Біз оны орнына қойғымыз келеді», – деді Руди Джулиани.
Сонымен қатар, ол Bloomberg телефонмен берген сұхбатында бұл сөздерімен әкімшілік арасында ортақ ештеме жоқ екенін алға тартқан.
«Бұл менің сөздерім. Олардың әкімшілікпен ортақ ештемесі жоқ», – деді ол телефонмен берген сұхбатында.
Ол атап өткендей, президент әкімшілігі оның ойына қатысты ештеме демеген және олар солтүстік кореялықтардың көңілін түсірмейді.
Айта кетейік, 24 мамырда Дональд Трамп КХДР-ның ашық түрде қоқанлоққы көрсетуіне байланысты 12 маусымға белгіленген солтүстік кореялық басшымен саммитті болмайды деп жариялады. Оның үстіне, Ақ үйдің Пхунгеридегі Солтүстік Кореяның ядролық полигонының бұзылуына көңілі толмай отыр.
Осы ретте, КХДР Трамптың Ким Чен Ынмен кездесуді болдырмауына байлынысты кез келген уақытта қалаған үлгіде АҚШ-пен саммит өткізуге дайынбыз деп жауап қайтарған.
Ал, 27 мамырда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс АҚШ делегациясы КХДР-мен саммит өткізу мақсатында дайындық жұмыстарны жүргізу үшін Сингапурге баратынын хабарлады. Дональд Трамп пен Кым Чен Ын арасындағы кездесу Сигапурдың Сентос аралындағы Capella қонақүйінде өтеді.