Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей зейнетке шығу жасын ұлғайтпақ

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2018 23:28 Sputniknews.kz
Зейнетақы реформасы келесі жылы басталады деп жоспарлануда.

Ресей үкіметі зейнетке шығу жасын ерлер үшін 65 жасқа, ал әйелдер үшін 63 жасқа дейін көтеруді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев реформа кезең-кезеңмен іске асатынын және 2019 жылы басталатынын нақтылады.

"Зейнетақы реформасын 2019 жылдан кезең-кезеңмен іске асыру ұсынылып отыр. Сонда ерлер 2028 жылы 65 жаста, ал әйелдер 2034 жылы 63 жаста зейнетке шығады», — деді Медведев министрлер кабинетінің отырысында.

Хабарланғандй, ерекше климаттық жағдайда, мәселен Қиыр Солтүстік аудандарында жұмыс істейтін ресейліктер қадам-қадаммен зейнетке 60 (ерлер) және 58 жаста (әйелдер) шығады.

Айта кетсек, қазір Ресейде ерлер мен әйелдер зейнетке тиісінше 60 және 55 жаста шығады. Заңда көрсетілген бұл зейнет жасы сонау 1930 жылдарда бекітілген.

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы әр алты айға ұлғайтылып отыр. Осылайша әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылы 63 жасты құрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: