«Болашақ» бағдарламасы бойынша квоталық категориялар алынып тасталады
shymkenttv.kz
Білімге қатысты талаптар күшейіп келеді.
Алдағы бес жылда «Болашақ» бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұловтың айтуынша, басты өзгерістердің бірі - ағылшын тіліне қатысты талапты күшейту. Осыған байланысты барлығына бірдей талап қойылады.
«Біз бір жерде тұра алмаймыз. Себебі білімге қатысты талаптар күшейіп келеді. Сондықтан алдағы бес жылда «Болашақ» бағдарламасына бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі. Негізгі мақсат - бағдарламаның тиімділігін арттыру. Біріншіден, аймақтық деңгейде онлайн тестілеу болады. Осының арқасында конкурсқа қатысу көрсеткіші артады деген болжам бар. Екіншіден, үміткерлерді сапалы түрде іріктеу мақсатында ағылшын тіліне қатысты талаптар күшейтіледі. Атап айтқанда, магистратураға түсемін деушілер үшін IELTS-тің межесі 6,1-ге дейін көтеріледі. Үшіншіден, ағылшын тіліне қатысты талаптардың күшейтілуіне байланысты 2025 жылдан бастап барлық квоталық категорияларды алып тастайтын боламыз», - деді Т.Ешенқұлов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript