Астанада бірнеше құрылыс компаниясы құрылыс салу лицензиясынан айырылды
Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен нысандардағы құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізгені үшін 3 компанияны құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде «Expolis Invest VM» ЖОО (Royal EXPO Apartments TК), «Astana Trade International» ЖШС (Премьера 2 және Премьера 4 ТК) және «АБК Құрылыс» ЖШС (Ф2 жабық шатыр мен ЕХРО С1 павильоны) – Жоғарғы соттың қарауында жатыр. Ал «Астана Трэйд» ЖШС (Олимп Палас ТК) қатысты лицензиясынан айыру туралы материал сотқа жолданды.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Үкіметте обьектіні пайдалануды беруде қабылдаудың оңайлатылған Doing Business саясаты жүргізілуде. Алайда, кейбір авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын жекеменшік ұйымдар өздерінің міндетін жауапсыз атқаруда. Осыған байланысты құрылыс сапасы жөніндегі отырыста Әсет Исекешев құрылыс компанияларының аттестаттары мен лицензиясынан, сондай-ақ, нысанды пайдалануды қабылдау кезінде бірнеше рет қателік жіберген авторлық және техникалық қадағалау өкілдерін де аттестатынан айыруды тапсырды. Қадағалау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың шағымына сүйене отырып, жыл басынан ревизия тағайындау туралы 543 акт тіркелді, қазіргі таңда оның 187-сі тексерілуде.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 441 бұзушылықты ретке келтіру туралы ұйғарым шығарды, онда 406 субъектіге қатысты әкімшілік істе бұзушылықты жоюды талап етілген. Бұдан бөлек басқарманың қаулысымен нысандағы құрылыс барысында өзінің қызметін тиісті пайдаланбаған 9 техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты тоқтатылды: Е. Мейрамғалиев, Б. Кенжебеков, С. Байкенов, Г. Жүсіпова, С. Бономанко, С. Гершкул, Б. Жаркенов, Э. Эржигитов, Т. Қазбеков. Одан басқа, басқарманың материалдарына сүйеніп сот өз еркімен салған 4 нысанды сүріп тастауға шешім шығарды. Аймауытов к, 5/5 мекенжайда орналасқан үшінші қабаттағы мансард пен жатақхана ретіндегі мүлік нысанының бірінші және екінші қабатын пайдалану тоқтатылды. Шұбар мөлтекауданындағы төрт қабатты ғимарат пен «BI Village» коттедж қалашығына қатысты үйлердің бірі мен Ақжол көшесіндегі екі қабатты ғимарат тоқтатылды.
Астана әкімдігі елорда тұрғындарын өзіне және айналасына қауіп келтіретін талапқа сай емес нысандарды салмауға шақырады.