Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлі-зайыптылар Месси мен Роналду үшін айтысып, ажырасып тынды

www.zamana.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2018 22:05 www.zamana.kz
Ерлі-зайыптылар 2002-жылғы Әлем чемпионаты болып жатқанда Челя­бинскідегі спорттық барлардың бірінде танысқан екен.

Ресейдің 11 қаласында футболдан өтіп жатқан Әлем біріншілігі аяқталуға жақын. Әу баста додаға кірген 32 командадан 8-і ширек финалға жолдама алған еді. Енді бірер күнде жартылай финал кездесулері де басталмақ, сөйтіп, әр 4 жылда өтетін футбол тойы өзінің мәресіне жетеді, деп жазады Замана газеті.

Бұл чемпионатта небір сенса­циялық оқиғалар болып жатыр. Мысалы, Әлемнің 4 дүркін чемпионы – Германия құрамасы Оңтүстік Корея футболшыла­ры­нан 0:2 есебімен ойсырай ұтылып, ширек финалға да жетпей, елі­не қайтты. Сол сияқты әйгілі Пор­тугалия, Аргентина, Испания ко­ман­далары да биіктен көріне алмады.

Бүгінде қызуқанды футбол жан­күйерлері де небір оқиғаларды бастан өткеріп жатыр. Бұған қатыс­ты көптеген мысалдар келтіруге болады. Бірақ олардың қай-қайсысы болса да жұртты челябинскілік ерлі-за­йыптылардың ісіндей таңқалдыра алмайтын шығар.

Ресейдің Челябинск қаласында тұратын, отасқандарына 14 жыл болған Арсен және Людмила есімді азаматтар футбол жұлдыздары – Лионель Месси мен Криштиану Роналду үшін айтысып-тартысып, ақырында ажырасып кетіпті. Бұл жөнінде ресейлік ақпарат құралдарында жарияланды.

Аргентина құрамасының ширек финалға шығу жолында Нигерия командасын ұтқаны белгілі. Месси Нигерия қақпасына гол соққан кезде отағасы қатты қуанған екен, сол кезде әйелі Мессиді біраз мысқылдап, сөзбен түйрепті. Ал отағасы оның «сүйіктісі» – Роналдуды жамандаған, оған қоса Людмиланың өзін де оңдырмапты, ол жақсы көретін командалардың бәрін «түкке асырмай» тастаған. Сосын ашуын ірке алмай, керек-жарағының бәрін алып, үйінен шығып кетіпті. Арада көп өтпей ажырасуға арыз түсірген.

Ерлі-зайыптылар 2002-жылғы Әлем чемпионаты болып жатқанда Челя­бинскідегі спорттық барлардың бірінде танысқан екен. Екеуі де қызуқанды жанкүйер болғасын тез тіл табысыпты, арада көп өтпей шаңырақ құрыпты. Бірақ бірі Мәскеудің «Спартагы» мен испандық «Барселона» клубының, екіншісі «ЦСКА» мен Мадридтің «Реалының» нағыз жан­күйері болғандықтан осы командалардың ойыны кезінде ұрысып қала береді екен. Ақыры, міне, осындай өкінішті жайға әкеліп соққан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: