Ыстықкөлден көне заман әскерінің құрал-сайманы табылды
www.inform.kz
Оларды бағалау үшін шұғыл түрде Бішкектен ғалымдар мен сарапшылар шақырылған.
Ыстықкөлден біздің заманымызға дейінгі IV-V ғасырларға тән әскерлердің сүйегі мен құрал-саймандары табылды. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің Ыстықкөл облысындағы уәкілетті өкілінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.
Тарихи құнды айғақтар 21 шілде күні Қыршын жайлауындағы этноқалашықты жөндеу аясында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде 3 метр тереңдіктен жебе, тағы басқа да әскери саймандар, үзеңгі, жүгеннің ауыздығы табылған.
Оларды бағалау үшін шұғыл түрде Бішкектен ғалымдар мен сарапшылар шақырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript