Жаңалықтар тізбегі
0

Джулиан Ассанж түрмеде өлуі мүмкін

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2019 21:25 Reuters
Ұлыбритания, бірқатар Еуропа елдері, Австралия мен Шри-Ланка дәрігерлері Ассанжды денсаулығы мен психологиялық күйін бағалау үшін шұғыл түрде медициналық орталыққа апарып көрсету қажет деп отыр.

Құпияны жария етумен айналысатын WikiLeaks ұйымының негізін қалаған Джулиан Ассанж шұғыл медициналық көмек жасалмаған жағдайда түрмеде өліп қалуы мүмкін. Ұлыбритания ІІМ басшысы Прити Пателдің атына ашық жолданған мұндай ескертуге 60 дәрігер қол қойды, деп жазады Вести.ру.

Дәрігерлердің болжауынша, Джулиан Ассанж 2020 жылдың ақпанында өтуі тиіс сотқа дейін тірі қалмауы мүмкін.

Sky News телеарнасы хабарлағандай, Ұлыбритания, бірқатар Еуропа елдері, Австралия мен Шри-Ланка дәрігерлері Ассанжды денсаулығы мен психологиялық күйін бағалау үшін шұғыл түрде медициналық орталыққа апарып көрсету қажет деп отыр.

Егер ондай көмек жасалмаса, Джулиан Ассанждың түрмеде өліп қалуы бек мүмкін.

Бұған дейін Ассанждың әкесі – 80 жастағы австралиялық Джон Шиптон ұлының ұзақ жылдарға соттау үшін АҚШ-тың қолына берілгенінен қауіптенетінін мәлім еткен. Ол да "балам түрмеде өліп қалар ма екен" деп алаңдауда, деп хабарлайды РИА Новости.

2010 жылы Ассанжға Швецияда зорлау бабы бойынша айып тағылып, кейін ол айыптаулар алынды. Ал 2012 жылдан бері ол Лондондағы Эквадор елшілігінде отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: