Бойжеткен мысықты балталап тастады
sputniknews.kz
Аталған дерек бойынша Алтай өңірінің полициясы тексеруді қолға алды.
Ресейде әлеуметтік желіде бойжеткеннің мысықты балтамен бөлшектеп тастағаны түсірілген видео пайда болды деп жазады sputniknews.kz.
Алтай өңірінің полициясы аталған дерек бойынша тексеруді бастады.
Ведомство мәліметінше, видеоролик әлеуметтік желіні шолу кезінде табылған. Онда бойжеткен мысықты балтамен бөлшектеп, құрбысымен сөйлесіп, мәз-мәйрам болып отыр.
"Болған оқиғаға байланысты тексеру басталды, мамандар бағасын берген соң, шешім қабылданады", — деп хабарлады полиция.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript